Компания AstanaBuild 2026 халықаралық көрмесіне қатысты
2026-07-02 11:58
29 сәуірде компания басшысы Булат Асқарұлы AstanaBuild Қазақстанның 27-ші халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі аясында өткен «Дизайнердің кәсіби жауапкершілігі: құзырет шегі, тәуекелдер және қорғау»тақырыбындағы панельдік пікірталаста спикер ретінде сөз сөйледі.
Пікірталас барысында Қазақстан Республикасындағы дизайнерлер мен сәулетшілердің қызметін құқықтық реттеудің өзекті мәселелері, оның ішінде шарттық жауапкершілік, құрылыс саласындағы құзыреттердің аражігін айқындау, сондай-ақ сала мамандарын құқықтық қорғау тетіктері талқыланды.
Дизайнерлердің жауапкершілік шектерін айқындау мәселелеріне, сондай-ақ кәсіби қызметте жасалатын шарттардың талаптарының маңыздылығына ерекше назар аударылды.