Астана қаласы сотының судьясы Сиюбаев Ержан Рысқұлұлымен судья мәртебесін алу тәртібі, осы мамандықты таңдауының себептері және сот жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері туралы әңгімелестік. Сондай-ақ қонақтың судьяларды сайлау қажеттілігіне қатысты көзқарасын және әділ сот жүйесінің даму перспективаларын, оның ішінде Бишимбаевқа қатысты сот процесінің ашықтығы қалыптастырған прецеденттің маңызын талқыладық. Подкаст барысында заңгерлер қауымдастығын дүр сілкіндірген заңгерлердің қаза табуына қатысты оқиғалар мен биылғы жылдың ең көп талқыланған ісі бойынша сот жарыссөздерінің аяқталуы мәселелері де сөз болды.