2025 жылдың алғашқы шығарылымында қонағымыз Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айбек Амангелдин болды. Онымен сот реформасынан күтілетін нәтижелерді, сот ісін жүргізуде жасанды интеллектіні пайдалану мәселелерін, сондай-ақ судьяның сот процесіндегі белсенді рөлін талқыладық.