Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті немен айналысады?
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті:
Сіз тауар сатып алу, жұмысқа тапсырыс беру немесе қызмет алу кезінде құқықтарыңыздың кез келген бұзылуы жағдайында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінуге құқылысыз.
Шағым берудің қадамдық алгоритмі
1. Құқық бұзушылықты растайтын дәлелдемелерді жинау
Шағым бермес бұрын құқық бұзушылықты растайтын барлық құжаттарды жинаңыз. Оларға кассалық чек, түбіртек, шарт, фото және бейнематериалдар, мессенджерлердегі және электрондық поштадағы хат алмасудың скриншоттары, аудиожазбалар және өзге де дәлелдемелер жатуы мүмкін.
Дәлелдемелер неғұрлым көп әрі нақты болса, қажетті нәтижеге қол жеткізу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
2. Сатушыға (орындаушыға) талап-арыз жолдау
Мемлекеттік органға жүгінер алдында тұтынушы сатушыға, дайындаушыға немесе орындаушыға талап-арыз жолдауы тиіс. Егер он күнтізбелік күн ішінде жауап алынбаса не сатушы талаптарды қанағаттандырудан бас тартса, тұтынушы мемлекеттік органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Талап-арызда құқық бұзушылықтың мәнін егжей-тегжейлі баяндап, дәлелдемелерді қоса тіркеңіз, талаптарыңызды (ақшалай қаражатты қайтару, тауарды ауыстыру, кемшіліктерді жою және т.б.) және оларды орындау мерзімін көрсетіңіз. Егер көрсетілген мерзімде талаптарыңыз қанағаттандырылмаса немесе талап-арыз қараусыз қалдырылса, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінуге құқылысыз.
3. Комитеттің аумақтық бөлімшесін анықтау
Қай аумақтық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлімшесіне жүгіну қажет екенін нақтылаңыз.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері, олардың байланыс деректері, мекенжайлары және азаматтарды қабылдау кестесі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында (www.gov.kz) орналастырылған. Сондай-ақ осы сайт арқылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөліміне өтіп, толық ақпарат алуға болады.
4. Жүгіну тәсілін таңдау
Шағымды мынадай тәсілдердің бірімен беруге болады:
Тәжірибеде өтініш берудің ең кең таралған тәсілі – өтініштің қаралу мәртебесін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін e-Otinish жүйесі.
5. Шағымды рәсімдеу
Шағым еркін нысанда жасалады, алайда онда мынадай мәліметтерді көрсету ұсынылады:
Маңызды! Шағымды рәсімдеу кезінде эмоциялық бағалаулардан аулақ болып, ресми-іскерлік стильді ұстанған жөн. Сонымен қатар, өтініште өтініш берушіні анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер болуы және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Әйтпесе, өтініш мәні бойынша қаралмай қайтарылуы мүмкін.
Шағымды қарау мерзімдері
Өтінішті қараудың жалпы мерзімі оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды. Жекелеген жағдайларда қарау мерзімі заңнамада белгіленген тәртіппен ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш беруші міндетті түрде хабардар етіледі.
Осылайша, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне шағым беру – тұтынушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қолжетімді әрі заңды қорғау тәсілі болып табылады. Шағым дұрыс рәсімделіп, жеткілікті дәлелдемелер қоса берілген жағдайда, сіздің өтінішіңіз заңда белгіленген мерзімдерде қаралады. Жоғарыда көрсетілген барлық қадамдарды орындаңыз, ал қажет болған жағдайда заңгерлік көмекке жүгініңіз.

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
- ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттырады;
- өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өзге де шараларды қабылдайды.
Сіз тауар сатып алу, жұмысқа тапсырыс беру немесе қызмет алу кезінде құқықтарыңыздың кез келген бұзылуы жағдайында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінуге құқылысыз.
Шағым берудің қадамдық алгоритмі
1. Құқық бұзушылықты растайтын дәлелдемелерді жинау
Шағым бермес бұрын құқық бұзушылықты растайтын барлық құжаттарды жинаңыз. Оларға кассалық чек, түбіртек, шарт, фото және бейнематериалдар, мессенджерлердегі және электрондық поштадағы хат алмасудың скриншоттары, аудиожазбалар және өзге де дәлелдемелер жатуы мүмкін.
Дәлелдемелер неғұрлым көп әрі нақты болса, қажетті нәтижеге қол жеткізу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
2. Сатушыға (орындаушыға) талап-арыз жолдау
Мемлекеттік органға жүгінер алдында тұтынушы сатушыға, дайындаушыға немесе орындаушыға талап-арыз жолдауы тиіс. Егер он күнтізбелік күн ішінде жауап алынбаса не сатушы талаптарды қанағаттандырудан бас тартса, тұтынушы мемлекеттік органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Талап-арызда құқық бұзушылықтың мәнін егжей-тегжейлі баяндап, дәлелдемелерді қоса тіркеңіз, талаптарыңызды (ақшалай қаражатты қайтару, тауарды ауыстыру, кемшіліктерді жою және т.б.) және оларды орындау мерзімін көрсетіңіз. Егер көрсетілген мерзімде талаптарыңыз қанағаттандырылмаса немесе талап-арыз қараусыз қалдырылса, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінуге құқылысыз.
3. Комитеттің аумақтық бөлімшесін анықтау
Қай аумақтық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлімшесіне жүгіну қажет екенін нақтылаңыз.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері, олардың байланыс деректері, мекенжайлары және азаматтарды қабылдау кестесі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсында (www.gov.kz) орналастырылған. Сондай-ақ осы сайт арқылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөліміне өтіп, толық ақпарат алуға болады.
4. Жүгіну тәсілін таңдау
Шағымды мынадай тәсілдердің бірімен беруге болады:
- жеке өзі – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесіне;
- пошта байланысы арқылы – тапсырыс хатпен;
- e-Otinish ақпараттық сервисі арқылы;
- заңнамада көзделген өзге де тәсілдермен.
Тәжірибеде өтініш берудің ең кең таралған тәсілі – өтініштің қаралу мәртебесін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін e-Otinish жүйесі.
5. Шағымды рәсімдеу
Шағым еркін нысанда жасалады, алайда онда мынадай мәліметтерді көрсету ұсынылады:
- шағым жолданатын мемлекеттік органның атауы;
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
- байланыс деректері (электрондық пошта мекенжайы, пошталық мекенжайы, телефон нөмірі);
- құқық бұзушы туралы мәліметтер (ұйымның атауы, мекенжайы, сатушы немесе орындаушы туралы мәліметтер);
- шағымның мәні: не, қашан және қандай мән-жайларда болғаны;
- қоса берілетін құжаттар: дәлелдемелер, бұрын жолданған талап-арыз және оның жіберілгенін немесе табыс етілгенін растайтын құжаттар;
- күні және қолы.