Бизнестің құқықтық мәселелері
Бұл тәжірибе кәсіпкерлердің бизнес жүргізу барысында туындайтын құқықтық мәселелердің кең ауқымын қамтиды, оның ішінде контрагенттермен, қызметкерлермен, тұтынушылармен және мемлекеттік органдармен болатын даулар.
01 / Коммерциялық дауларды шешу
Шарттық және шарттан тыс міндеттемелердің орындалмауынан, берешектің төленбеуінен, құпия ақпараттың жария етілуінен және өзге де мәселелерден туындайтын коммерциялық дауларды сот тәртібімен және соттан тыс тәртіппен шешуде заң көмегін көрсетеміз. Берешекті өндіріп алу және залалдарды өтеу бойынша қолдау көрсетеміз.
02 / Дауларды сотқа дейін реттеу
Клиенттердің мүдделерін контрагенттермен, тұтынушылармен және мемлекеттік органдармен жүргізілетін келіссөздерде білдіреміз, претензияларды дайындап жолдаймыз. Дауларды шешуді және бизнес үшін шығындарды барынша азайтатын медиация стратегиясын әзірлеуді жүзеге асырамыз
03 / Соттағы өкілдік ету
Талап арыздарды, апелляциялық және кассациялық шағымдарды дайындау және беру, құқықтық ұстанымды қалыптастыру, дәлелдемелерді жинау және талдау, іс материалдарын зерделеу, процестік құжаттарды (өтінішхаттар, өтініштер және т.б.) дайындау, кез келген күрделіліктегі істер бойынша сотта өкілдік ету, оның ішінде істі толық көлемде жүргізу.
04 / Мемлекеттік органдарда өкілдік ету
Компанияларға мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын заңсыз талаптардан құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмек көрсету, лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімдеріне дау айту және басқа да құқықтық қолдау көрсету.
05 / Салық органдарымен туындайтын дауларды шешу
Салықтық есеп жүргізу мәселелері бойынша консультациялар беру, салықтық тексерулер жүргізілген кезде және салықтар мен алымдарды заңсыз қосымша есептеу жағдайларында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, оның ішінде салық органдары мен соттарда мүдделерін білдіру.
06 / Еңбек және кадр мәселелері
Кез келген кадрлық құжаттаманы, оның ішінде еңбек шарттарын, құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімдерді, бәсекелестікке жол бермеу туралы келісімдерді, қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі туралы шарттарды, лауазымдық нұсқаулықтарды және өзге де құжаттарды дайындаймыз. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қызметкерлермен туындайтын жеке еңбек дауларын шешуге көмектесеміз.
07 / Шарттық жұмыс және құқықтық қорытындылар
Азаматтық-құқықтық шарттардың кез келген түрін (сатып алу-сату, жалдау, мердігерлік, жеткізу және т.б.) дайындау, шарттардың заңнамаға және клиенттің мүдделеріне сәйкестігін талдау, өзгерістер енгізу және келіспеушіліктер хаттамасын әзірлеу, кез келген құқықтық мәселелер бойынша жазбаша құқықтық қорытындылар дайындау.
08 / Тұтынушылық теріс пайдалану әрекеттерінен қорғау
Тұтынушылар тарапынан қойылатын негізсіз немесе шамадан тыс талаптардан туындайтын даулар бойынша бизнесті құқықтық сүйемелдеу.
09 / Корпоративтік даулар
Компания басшылығы, құрылтайшылары және бенефициарлары арасында туындайтын ішкі дауларды, оның ішінде сот тәртібімен реттеу, корпоративтік құжаттарды (жарғыны, құрылтай шартын, корпоративтік шартты, қатысушылар жиналысының шешімдері мен хаттамаларын және т.б.) дайындау.
Бизнесті құқықтық сүйемелдеу және тіркеу
Құқықтық құжаттарды дайындау
Консультациялық сүйемелдеу
Соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік ету
Бизнестің құқықтық мәселелері
Жеке тұлғалардың құқықтық мәселелері
10 / Құқықтық комплаенс
Контрагенттің адалдығын және мәміле жасау қабілетін барлық қолжетімді дерекқорлар арқылы тексеру, ықтимал құқықтық тәуекелдерді талдау.