Бизнесті құқықтық сүйемелдеу және тіркеу
Бизнесті кешенді құқықтық сүйемелдеу тәжірибесі компанияңыздың қызметін тұрақты негізде құқықтық қолдауды білдіреді. Ол консультациялық қолдауды, кез келген құқықтық құжаттарды дайындауды, мемлекеттік органдар мен соттарда мүдделеріңізді білдіруді қамтиды. Мұндай ынтымақтастықтың негізгі артықшылығы – орындалатын жұмыс көлеміне қарамастан белгіленген ай сайынғы төлемнің болуы.
Көрсетілетін заң көмегінің нақты түрлері мен ай сайынғы құқықтық сүйемелдеудің құны әрбір клиентпен жеке тәртіпте келісіліп айқындалады.
01 / Консультациялық қызмет көрсету
Бизнесті жүргізуге байланысты кез келген құқықтық мәселелер бойынша сараптамалық консультациялар беру.
02 / Құжаттарды дайындау және сараптау
Құқықтық құжаттардың кез келген түрін (шарттар, хаттар, талап қоюлар, талап арыздар және т.б.) әзірлеу және олардың заңнамаға әрі клиенттің мүдделеріне сәйкестігін тексеру.
03 / Келіссөздер жүргізу
Даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен шешу мақсатында контрагенттермен және клиент қызметкерлерімен келіссөздер жүргізу.
04 / Мемлекеттік органдар мен соттарда өкілдік ету
Клиенттің мүдделерін соттарда, төрелік органдарда, мемлекеттік мекемелерде және өзге де инстанцияларда білдіру және қорғау.
05 / Корпоративтік басқару
Мәмілелерді дайындау және сүйемелдеу, компания бөлімшелерінің қызметіне ішкі құқықтық аудит жүргізу, акционерлердің және қатысушылардың жалпы жиналыстарын ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету.
06 / Еңбек қатынастары
Еңбек шарттарын, лауазымдық нұсқаулықтарды және өзге де кадрлық құжаттарды әзірлеу, еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша консультациялар беру, жеке еңбек дауларында мүдделерді білдіру.
07 / Тәуекелдерді басқару
Компания үшін дағдарыстық жағдайларда әрекет ету жоспарын әзірлеу, құқықтық тәуекелдерді бағалау және бизнеске төнетін ықтимал қатерлерді барынша азайту мақсатында оларды басқару.
08 / Оқыту және тренингтер
Компания қызметкерлері үшін құқықтық мәселелер бойынша оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу.
09 / Жедел құқықтық қолдау
Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда шұғыл заң көмегін көрсету.
10 / Құқықтық сүйемелдеу
Жеке кәсіпкерлікті және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу кезінде құқықтық сүйемелдеу көрсету.
Бизнесті құқықтық сүйемелдеу және тіркеу
Құқықтық құжаттарды дайындау
Консультациялық сүйемелдеу
Соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік ету
Бизнестің құқықтық мәселелері
Жеке тұлғалардың құқықтық мәселелері
Құқықтық сүйемелдеу аясында келесі қызметтер көрсетіледі: