Кез келген құқықтық құжаттарды дайындау
Біз сізге кез келген күрделіліктегі құқықтық құжаттарды кәсіби түрде әзірлеуді ұсынамыз. Мұндай құжаттар болашақтағы тәуекелдерді барынша азайтуға және сіздің заңды мүдделеріңізді қорғауға бағытталған. Қызмет құжат дайындалатын мәселені жан-жақты талдауды және сіздің құқықтық ұстанымыңызды егжей-тегжейлі пысықтауды қамтиды.
01 / Азаматтық-құқықтық шарттар
Сатып алу-сату, жалдау, мердігерлік, ақылы қызмет көрсету, жеткізу, сыйға тарту, кепіл, қарыз, лицензиялық, агенттік, кепілдік шарттары және өзге де азаматтық-құқықтық келісімдер.
02 / Еңбек шарттары және кадрлық құжаттама
Бұйрықтар, лауазымдық нұсқаулықтар, жұмыс берушінің әртүрлі ережелері мен регламенттері, құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімдер (NDA), қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі туралы шарттар, бәсекелеспеу туралы келісімдер және басқа да кадрлық құжаттар.
03 / Корпоративтік және ішкі құжаттар
Құрылтай шарты, жарғы, жалпы жиналыстардың шешімдері мен хаттамалары және өзге де корпоративтік құжаттар.
04 / Іс жүргізу құжаттары
Шағымдар, өтініштер, өтінішхаттар, талап қоюға пікірлер мен жазбаша қарсылықтар, талап арыздар, бітімгершілік келісімдер және басқа да процестік құжаттар.
05 / Сайтта пайдалану үшін
Жария оферта, дербес деректерді өңдеуге келісім, құпиялылық саясаты және сайт қызметіне қажетті өзге де құқықтық құжаттар.
06 / Неке қатынастарына байланысты құжаттар
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісім, неке шарты, балалармен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы келісім және өзге де отбасылық-құқықтық құжаттар.
07 / Жеке сипаттағы құжаттар
Наразылықтар (претензиялар), талаптар, өтініштер, сенімхаттар және өзге де жеке сипаттағы құқықтық құжаттар.
Бизнесті құқықтық сүйемелдеу және тіркеу
Құқықтық құжаттарды дайындау
Консультациялық сүйемелдеу
Соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік ету
Бизнестің құқықтық мәселелері
Жеке тұлғалардың құқықтық мәселелері
08 / Халықаралық шарттар
Жеткізу, инвестициялар, дистрибуция, лицензиялау, бірлескен қызмет туралы келісімдер және өзге де халықаралық шарттар, халықаралық мәмілелерді жасасуды құқықтық сүйемелдеу, шарттардың халықаралық және ұлттық заңнама талаптарына, сондай-ақ клиенттің мүдделеріне сәйкестігін құқықтық талдау.